ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «МАҚТААРАЛ» КШТК-НЫҢ ӨТІНІМІ БОЙЫНША ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТЕДІ

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Мақтаарал» КШТК-ның суды таратушы желілер арқылы беруқызметіне арналған тариф жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.

Жария тыңдау 2023 жылғы 10 наурызда сағат 10:00-де Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 16 ғимарат, Министрліктің аумақтық департаменттер үйі мекенжайы бойынша өтеді.

Сонымен қатар, жария тыңдауға Түркістан облысының тұрғындары, «Мақтаарал» КШТК -ның тұтынушылары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн-режимде Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында қатыса алады, сілтеме:

https://www.facebook.com/groups/2005155806263888.

Әрбір тілек білдіруші онлайн-режимде өз сұрақтарын қоюға және оларға тиісті жауаптар алуға мүмкіндігі болады.

Анықтама телефоны: +7 (72533) 5-75-51.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған