ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА САЙЛАУ ПРОЦЕСІ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Б.Өскенбаев Сарығаш ауданында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Абай Жұмасай, аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев пен округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Оқыту семинарында алдағы уақытта өтетін сайлауға дайындық және оны өткізу бойынша атқарылатын жұмыстар сараланды. Сондай-ақ, сайлау барысында туындайтын ситуациялық сұрақтар көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарда қатысушылардың тараптарынан сауаладар қойылып, тиісті жауаптар берілді.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Өңірде сайлаушылардың саны 1 176 138 адамды құрайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған