ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНДА ОҢ СЕРПІН БАР

ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫНДА ОҢ СЕРПІН БАР ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ДАРХАН САТЫБАЛДЫНЫҢ 2022 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

Түркістан облысының 2022 жыл қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін бар. 

ӨНЕРКӘСІП өнімінің көлемі 2022 жылға 815,4 млрд. теңге болып жоспарланып, жыл қорытындысында 866,6 млрд. теңгеге немесе 115,5 млрд. теңгеге артық орындалды. 

Өнеркәсіп өнімінің 49,1%-ын құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазу саласында 425,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

2022 жылы жалпы құны 17,7 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба іске қосылып, 986 жұмыс орны ашылды.

Сонымен қатар, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында 

10 маңызды жоба анықталды. Бұл жобалар өңірге 1,5 трлн. теңге инвестиция тартып, 3 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ саласы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы қатарда. Елдегі жалпы өнім көлемінің 12%-ы біздің өңірге тиесілі.

Облыста 74,2 мың шаруа қожалығы тіркелген, бұл республикалық көрсеткіштің 31%-ын құрайды. 

2022 жылы саладағы өнім көлемі 1 036,6 млрд. теңгені құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 100 млрд. теңгеге артық орындалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 74,7 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өсім +18,7% болды, тамақ өнеркәсібіне 10,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, өсім +7,4%-ды құрады.

Нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында агроөнеркәсіптік кешен саласында 19,5 млрд. теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 671 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдауға 9 бюджеттік бағдарлама бойынша 30,3 млрд. теңге бөлініп, 25 112 агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне қолдау көрсетілді. 

Егіс көлемі алдыңғы жылдармен салыстырғанда 14,4 мың гектарға артып, 859,9 мың гектарға егін егілді (2021 ж. – 845,5 мың га). Оның ішінде:

дәнді және бұршақтық дақылдар – 313,7 мың га;

Мал азықтық дақылдар – 220,9 мың га;

Картоп, көкөніс, бақша дақылдары – 119,4 мың га;

майлы дақылдар – 79,9 мың га.

Сондай-ақ, 126,3 мың гектарға мақта егілді.

72,3 мың тонна минералды тыңайтқыш 50% жеңілдікпен тауар өндірушілерге жеткізілді. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 96 мың тонна жанар-жағармай босатылды. 

Агротехникалық іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізудің нәтижесінде дәнді дақылдар түсімділігі гектарына 4,9 центнерге артып (гектарына 24,8 центнерден), 778,0 мың тонна өнім өндірілді. 

Көкөніс, бақша, картоп дақылдарының түсімділігі гектарына 9,5 центнерге артып (гектарына 239,4 центнерден), 2,9 млн. тонна өнім өндірілді. 

«Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» бағдарламасы бойынша 123 ауыл округінде 8,4 мың гектарды құрайтын 2 911 жоба жүзеге асырылып, 294 мың тонна өнім өндірілді.

Шитті мақтаның түсімділігі гектарына 2,4 центнерге артып (гектарына 28,6 центнерден), 362,0 мың тонна «ақ алтын» жиналды. 

Облыста қарқынды бау 4,7 мың гектарды құрайды. Дәстүрлі баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынса, қарқынды баудан гектарына 300-350 центнер өнім алынуда. 

Республика халқын отандық өнімдермен қамтамасыз ету көрсеткіші бойынша да облыс алдыңғы қатарда, өндірілген мақтаның – 100%-ы, жүзімнің – 76%-ы, бақшаның – 

64%-ы, жеміс-жидектің – 40,0%-ы, мақсарының – 29%-ы, жүгерінің – 26%-ы, көкөністің 25%-ы Түркістан облысының үлесінде.

Аграрлық салада еңбек өнімділігін арттыру, суармалы су тапшылығын төмендету мақсатында жылыжай шаруашылықтарын дамыту және су үнемдеу технологияларына көшу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Су үнемдеу технологиялары 7,2 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 30,3 мың гектарға жетті. Оның ішінде тамшылатып суару технологиясы – 26,1 мың га, жаңбырлатып суару технологиясы 4,2 мың гектарды құрады. 

Жылыжайлардың жалпы көлемі 101 гектарға жетіп, жалпы көлемі 1 569,0 гектарды құрады. Елдегі жылыжайлардың 71%-ы Түркістан облысында.

Жаңадан 1293 ауыл шаруашылығы техникалары алынып, техника паркін жаңалау үлесі 5,6%-ға жетті. Техника паркін жаңартуға сатып алынатын ауыл шаруашылығы техникасы құнының 25%-ын субсидиялау және кредиттер мен лизинг бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемелерін 10%-ға арзандату, сондай-ақ, инвестициялық субсидияларды техника лизингі үшін бастапқы жарна ретінде аванспен алу мүмкіндігі кеңейтілді.

Агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттерін орындау суармалы жерлерді тиімді пайдалануға тікелей байланысты.

Республикадағы суармалы жерлердің төрттен бірі облысқа тиеселі (548,2 мың гектар).

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында 261,0 млн. текше метр қосымша ағын су жеткізетін стратегиялық маңызға ие 5 ірі жоба жүзеге асырылуда.

– «Түркістан магистральды каналында күрделі жөндеу» жобасы бойынша 59 шақырым канал бетонмен қапталып, қала аумағындағы 2,1 шақырым канал бойы абаттандырылды. Нәтижесінде жылына 60 млн. текше метр ағын су үнемделеді.

Каналдың су өткізу құрылымдарына австралиялық «Рубикон Воутердің» тәжірибесімен автоматтандыру жүйесі орнатылды.

– Сыйымдылығы 18,5 млн. текше метрді құрайтын «Кеңсай – Қосқорған – 2» су қоймасы салынып, пайдалануға берілді. Жалпы жоба аясында жылына 31,0 млн. текше метр ағын су қосымша жеткізіледі. 

Сонымен қатар, «Боралдай» су қоймасын (65 млн.м3, жоба құны 15,0 млрд. тг.), «Бәйдібек ата» су қоймасын салу (65 млн.м3, жоба құны 16,9 млрд. тг.) жобалары әзірленуде. 

Кентау қаласында «Қосқорған» су қоймасын одан әрі толықтыра отырып, су төмендету жүйесін салу» (40 млн.м3, жоба құны 4,07 млрд. тг.) жобасы іске асырылуда.

Аталған жобалар толық игерілгенде Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етілетін болады.

Бұдан бөлек, 2022 жылы облыстық бюджеттен 1,3 млрд. теңге қаржы қаралып, 1 су нысанын күрделі жөндеу (Отырар ауданындағы Р-1 каналы), 6 су нысанын ағымдағы жөндеу (Қазығұрт ауданындағы Р-4-4, Р-2 және облыстық коммуналдық меншіктегі Бөген, Қошқорған су қоймалары, Қараспан су торабы, Түркістан магистральды каналы) жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, Мақтаарал ауданындағы коммуналдық меншіктегі 141 шақырымды құрайтын 54 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 12,9 мың гектар жердің мелиоративтік жағдайы жақсарады.

Облыста мал шаруашылығы да қарқынды дамуда. Республика бойынша ірі қара мал санының 12,3%-ы (1 035,2 мың), ұсақ малдың 22,5%-ы (4 530,1 мың), жылқының 10,2%-ы (385,3 мың), түйенің 14,5%-ы (36,8 мың) және өндірілген еттің 11,4%-ы (247,1 мың тонна), сүттің 12,1%-ы (797,5 мың тонна) біздің өңірдің үлесінде. 

Мал азықтық қорды қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауға алынып, 5,2 млн. тонна мал азығы дайындалды. Бұл облыстағы мал басына жылдық қажеттілікті 1,3 есеге қамтамасыз етеді. 

Тұқымдық түрлендіруге ірі қара аналығының 19,8%-ы, уақ малдың 47,4 %-ы түсірілуде.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 1 289 асыл тұқымды ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 45 590 уақ мал, «Құлан» бағдарламасымен 1 973 жылқы сатып алынды.

Өңірде жалпы 9 185 мал бордақылау алаңы бар. Оның ішінде 400-ге дейін – 9 153, 400-ден жоғары малға – 10, 1000-нан асатын малға 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. 

Облыс ет экспорты бойынша республикада 1-орында. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%-ы, қой етінің 40%-ы Түркістан облысының үлесінде.

Жыл ішінде 15,7 мың тонна ірі қара мал еті, 8 мың тонна қой еті экспортқа жөнелтілді.

Облыста 8 ет өңдеу, 23 сүт өңдеу, 22 жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу кәсіпорындары жұмыс істейді.

Жыл ішінде қайта өңдеу көлемі 120,9 млрд. теңгені құрады.

Ет өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Ордабасы ауданындағы «Ордабасы құс» ЖШС (жылына 9,0 мың тн.), «Инфрастрой ЛТД» ЖШС (жылына 6,0 мың тн.), Қазығұрт ауданындағы «Қарқын-2030» ЖШС (жылына 2,8 мың тн.) болып саналады.

Сүт өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Төлеби ауданында «Фуд Мастер» ЖШС (жылына 76,2 мың тн.), Ордабасы ауданында «Бөрте Милька» ЖШС (жылына 17,5 мың тн.), Сайрам ауданында жылдық қуаттылығы 10,0 мың тонналық 4 кәсіпорын («Натур продукт» ЖШС, «Сайрам сүт» ЖШС, «Озай Зеки» ЖК, «Рассвет» ӨК).

Жеміс-көкөніс өңдеу бойынша ірі кәсіпорындар: Сайрам ауданында «DALA-FRUIT.KZ» ЖШС (жылына 180,0 мың тн.), Ордабасы ауданында «Александровский сад» ЖШС (жылына 1,2 мың тн.), Қазығұрт ауданында «Көрік» ЖШС (тәулігіне 8,0 тн.).

Облыс көлемінде 1 967 ветеринар маман жұмыс істейді. 

Аудандық, қалалық ветеринариялық ұйымдар қажетті 257 техникамен және ветеринариялық препараттарды сақтауға қажетті тоңазытқыштармен, басқа да қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.

Өткен жылы жан-жануарлардың аса қауіпті 16 түрлі ауруына қарсы 38 млн. доза вакцина жеткізіліп, екпе жұмыстары жүргізілді. 

Құтыру ауруының алдын алу мақсатында 65 150 қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып, жойылды.

Облыстағы барлық жер қоры 11 млн. 610,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде:

– ауыл шаруашылығы мақсатында – 4 518,5 мың га;

– елді мекендер – 799,7 мың га;

– өнеркәсіп, байланыс және т.б. – 125,1 мың га;

– ерекше қорғалатын аймақ – 430,4 мың га;

– орман қоры – 3 029,7 мың га;

– су қоры – 134,5 мың га;

– босалқы – 2 572,4 мың га.

2022 жылы 521,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды (оның ішінде жайылым 518,5 мың гектар).

Елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылым жерлермен қамтамасыз етілді (қайтару жолымен – 412,2 мың га, меморандум арқылы – 622,6 мың га).

Облысқа 739,5 млрд. теңге ИНВЕСТИЦИЯ бағытталып, +8,6%-ға артты. Оның 476,4 млрд. теңгесі немесе 64,4%-ы жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылады.

2022-2026 жылдарға жалпы құны 1,6 трлн. теңге болатын 71 инвестициялық жобалардың пулы әзірленді. Осылардың есебінен 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта өңірде 184 579 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН жұмыс істейді. 

Шағын және орта кәсіпкерлік нысандары өндірген өнім көлемі +3,5%-ға артты. 

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 247 179 адамды құрады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау үшін 10,7 млрд. теңге қаралды. 

Сонымен қатар, кәсіпкерлердің 43,4 млрд. теңгені құрайтын несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемелері субсидияланды (21%-дық несиелер 6%-ға дейін жеңілдетілді).

Кәсіпкерлердің 13,2 млрд. теңгені құрайтын несиелеріне Даму қоры арқылы кепілдік берілді. 

Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға гранттар беру үшін бюджеттен 117 млн. теңге бөлініп, 24 кәсіпкерге мемлекеттік гранттар ұсынылды.

 «Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен–Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылды. Микроқаржы ұйымы арқылы 304 жоба қаржыландырылды. 

Сонымен қатар, Түркістан қаласында сауда, туризм, өндіріс, білім беру және денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін «Яссы Бизнес» бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама арқылы кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға 4%-бен несие берілді. 

 «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» арқылы 22 336 қызмет түрі көрсетілді. 

ҚҰРЫЛЫС жұмыстарының көлемі 350,9 млрд. теңгені құрап, +4,6% өсім қамтамасыз етілді. 

Сонымен қатар, 864,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Оның ішінде, «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында мемлекеттік бюджет есебінен 57 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып (311,9 мың м2), нәтижесінде 3 475 пәтер тапсырылды.

АУЫЗ СУМЕН жабдықтау мақсатында 55 нысанның құрылысына бюджет есебінен 19,1 млрд. теңге (ҰҚ – 18,9 млрд.тг., ОБ – 0,2 млрд.тг.) бөлінді. Оның ішінде, 12 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қалған 43 нысанның құрылысы биыл аяқталады.

Нәтижесінде, су құбыры мүлдем жоқ 119 елді мекеннің 7-еуі (Сарыағаш – 3, Қазығұрт – 2, Ордабасы – 2) ауыз сумен қамтамасыз етілді, 6 елді мекеннің (Сауран – 1, Қазығұрт – 1, Жетісай – 2, Ордабасы – 1, Түлкібас – 1) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылды.

Жалпы, 831 елді мекеннің 719-ы (7 қала, 712 ауылдық елді мекен) немесе 86,5%-ы ауыз сумен қамтылды. 

Биыл 57 нысанның құрылысына бюджеттен 13,3 млрд. теңге (ҰҚ-8,0 млрд, тг., РБ-1,7 млрд. тг., Субвенция (ОБ)-3,6 млрд. тг.) қаралды. Оның ішінде, 43 нысан биыл аяқталады, қалған 14 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Нәтижесінде су құбыры мүлдем жоқ 112 елді мекеннің 17-сі (Бәйдібек – 1, Сарыағаш – 6, Келес – 4, Қазығұрт – 1, Ордабасы – 4, Отырар – 1) ауыз сумен қамтамасыз етіледі, 11 елді мекеннің (Бәйдібек – 2, Қазығұрт – 1, Төлеби – 4, Мақтаарал – 1, Ордабасы – 1, Түлкібас – 2) тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылатын болады.

Биыл 831 елді мекеннің 736-сын (7 қала, 729 ауылдық елді мекен) немесе 88,6%-ын ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. 

ТАБИҒИ ГАЗБЕН қамту мақсатында өткен жылы 70 нысанның құрылысына 15,9 млрд. теңге (ҰҚ-14,8 млрд.тг., РБ – 532,4 млн.тг., ОБ – 520,9 млн.тг.) бөлініп, оның ішінде 6 нысанның (8 елді мекен, 8 588 тұрғын) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, қалған 64 нысанның құрылысы биыл аяқталады.

Нәтижесінде 831 елді мекеннің 465-і немесе 56,2%-ы табиғи газбен қамтылды (халық санымен 1 млн. 537 мың 588 тұрғын немесе 76,8%).

Биыл 101 нысанның құрылысына 17,6 млрд. теңге (ҰҚ – 10,4 млрд.тг., РБ – 602,6 млн.тг., ОБ – 6,6 млрд.тг.) бөлініп, оның ішінде 70 нысанның құрылысы аяқталады. Қалған 31 нысан 2024 жылға өтпелі. 

Биыл 521 елді мекен (62,7%) табиғи газды қосу мүмкіндігіне қол жеткізеді. 

ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН қамтамасыз ету бойынша 42 нысанның құрылысына бюджеттен 13,6 млрд. теңге (соның ішінде: РБ – 6,46 млрд. тг., ҰҚ – 6,4 млрд. тг., ҰҚ гарант – 189,7 млн. тг., ОБ – 555,9 млн. тг.) қаралып (42 – елді мекен, 2 – мөлтекаудан және 2 – қосалқы станция), құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде 12 елді мекендегі 8,8 мың тұрғын сапалы, үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етілді. 

Биыл 47 нысанның құрылысына бюджеттен 7,1 млрд. теңге (соның ішінде: РБ – 3,5 млрд. тг., ҰҚ – 3,2 млрд. тг., ОБ – 555,9 млн. тг.) қаралды. 

Биыл, 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елді мекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы, үздіксіз электр қуатымен қамту жоспарлануда. Ал, қалған 7 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі.

Өткен жылы ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ бойынша облыс аумағында жалпы қуаты 228,6 МВт құрайтын 23 жаңартылатын энергия көздері жобалары іске асырылды. 

2023-2024 жылдары облыс аумағында жалпы қуаты 90 МВт болатын 4 күн электр стансасы және қуаты 11,5 МВт болатын 5 шағын су электр стансасын салу жоспарлануда.

 Жалпы, өткен жылы жаңартылатын энергия көздері нысандарынан өндірілген электр энергиясының көлемі 395,4 млн.кВт*сағатты құрады. Ағымдағы жылы көрсеткішті 445,2 млн.кВт*сағатқа жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облысында АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 503,9 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 

– республикалық маңызы бар жол – 723,1 шақырым (жақсы ж/е қанағатты жағдайдағы үлесі 94,8%);

– жергілікті маңызы бар жол – 5 755,1 шақырым (жақсы ж/е қанағатты жағдайдағы үлесі 89%);

– елді мекен көшелері – 11 025,7 шақырым (жақсы ж/е қанағатты жағдайдағы үлесі 66,3%).

2022 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 49,8 млрд. теңге (РБ – 26,3 млрд.тг; ОБ – 10,5 млрд. тг; «Ауыл – ел бесігі» – 4,8 млрд. тг; аудан, қала бюджеті/субвенция – 8,2 млрд. тг) бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 794 нысан немесе 2 094,9 шақырым жол мен көшелер қамтылды. Жыл ішінде 645 нысан немесе 1 247,5 шақырым жол мен көше пайдалануға берілді.

Облыстағы ЖҰМЫС КҮШІ 819,7 мың адамды құрайды. Оның 776,3 мыңы жұмыспен қамтылған.

2022 жылы «Өңірлік жұмыс орындарын құру картасы» аясында 39 240 жаңа жұмыс орны ашылды, оның – 4 580-і тұрақты, 34 660-ы уақытша жұмыс орындары. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 10 854 тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарланып, нақты 24 002 тұрақты жұмыс орны құрылды.

«2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті дамыту» Ұлттық жобасы бойынша жергілікті бюджет есебінен 627 адам қысқа мерзімдік оқытуға жолданды (74,4%). 

Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдыларды қолдану бойынша 2 438 жұмыссыз онлайн оқудан өтті.

Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлікті қолдау аясында жалпы 84 979 адам жұмысқа жолданды. Оның ішінде, субсидияланған жұмыс орындарына 31 321 адам жолданды:

– әлеуметтік жұмыс орындарына – 3 516 адам;

– жастар практикасына – 7 576 адам; 

– «Алғашқы жұмыс орны» жобасына – 690 адам; 

– қоғамдық жұмыс орындарына – 19 015 адам; 

– зейнеталды жасқа дейінгі «Күміс жас» жобасына – 516 азамат; 

– «Ұрпақтар келісімшарты» негізінде 8 адам.

Бұдан бөлек, «Бастау-бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 29 303 адам оқып, оның 23 508-і сертификат алды. 

2022 жылы жаңа-бизнес идеяларын дамыту үшін 400 айлық есептік көрсеткіште 2 922 адамға 3,6 млрд. теңге көлемінде грант берілді. 

Өткен жылы облысқа 1 104 отбасы, 1 567 этникалық қазақ қоныс аударып, оларға қандас мәртебесі берілді (Өзбекстаннан – 1 382 адам (88,2%); Ауғанстаннан – 26 адам (1,7%); Тәжікстаннан – 35 адам (2,2%); Ресейден – 11 адам (0,7%); Қазақстанда туылып, көшіп, қайта оралғандары – 104 адам (6,6%); басқа мемлекеттерден – 9 адам (0,6%)).

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік жағынан қолдау көрсету мақсатында 34,9 мың отбасыға (198,4 мың адам) 13,4 млрд. теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. 

60,9 мың бала 2,6 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтылды. 

Сондай-ақ, облыста «Қамқорлық» бағдарламасы іске асырылуда. 

1 042 отбасыға 338,8 млн. теңгеге демеушілік көмек көрсетілді, 30 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Мүгедектігі бар адамдарды және аға ұрпақты әлеуметтік қорғау аясында 51 мыңнан астам адамға техникалық оңалту құралдары мен қызметтер ұсынылды. 

Облыс бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді орта құру үшін 2 497 нысан ішінара бейімдеу шараларымен қамтылды.

Бүгінгі таңда облыста 2 510 БІЛІМ БЕРУ ұйымы бар. Олардың контингенті 708 393 баланы құрайды.

Облыстағы 1 364 мектепке дейінгі ұйымда (265 мемлекеттік балабақша, 53 шағын орталық, 1 045 жеке балабақша) 159 113 бала тәрбиеленуде.

Өңірдегі 983 мектепте (мемлекеттік – 908, жеке – 75) 514 018 оқушы бар.

Мектеп тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Өткен жылы 54 мектептің құрылысына 20,8 млрд. теңге (РБ – 2,1 млрд.тг., ҰҚ – 18,7 млрд.тг.) қарастырылған. Нәтижесінде 21 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде 2 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді.

2023 жылы 39 нысанның құрылысына 23,4 млрд. теңге (РБ – 1,3 млрд.тг., ОБ – 22,1 млрд.тг.) бағытталуда. Нәтижесінде 20 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында 63 мектеп құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде биыл 31 мектептің құрылысын бастауға 54,6 млрд. теңге бағытталуда.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2022 жылды «балалар жылы» деп жариялағаны мәлім. Осы бағытта 5,2 млрд. теңге бөлініп, 83 іс-шара жүзеге асырылды.

Облыстағы ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ұйымдарында 5 506 дәрігер және 19 101 орта буын персонал қызмет етеді.

Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауларында және «Дені сау ұлт» Ұлттық жобасы аясында ең алдымен ауыл тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз етуге басымдық берген болатын.

2022 жылы 20 нысанның құрылысына 2,8 млрд. теңге (РБ – 1,1 млрд.теңге, ОБ – 1,7 млрд. теңге) қарастырылған. Нәтижесінде, 2 нысан пайдалануға берілді.

Биыл 15 нысанның құрылысына 2,9 млрд. теңге (РБ – 0,5 млрд. теңге, ОБ – 2,4 млрд. теңге) жоспарлануда. 

Нәтижесінде ауылдық елді мекендерде бір ауысымда 25 адам қабылдайтын 5 дәрігерлік амбулатория мен 10 фельдшерлік-акушерлік пунктті пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, «Ауылдарда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 49 нысан құрылысын жүргізу жоспарда тұр.

Сондай-ақ, Түркістан қаласында «Қамқорлық» балаларды оңалту орталығы ашылды. Жаңа технологиямен жабдықталған орталық жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қабылдап, ем-дом көрсетеді.

Сонымен қатар, биыл Біріккен Араб Әмірліктерінің демеушілігімен 80 орынды Ана мен бала орталығының құрылысы басталады.

СПОРТ саласында облыс бойынша 100 мемлекеттік спорт мекемесі мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік кәсіпорындары жұмыс істейді.

Аталған спорт мекемелерінде спорттың 59 түрі бойынша 2426 жаттықтырушы 58 574 баламен жұмыс істеуде. 

2022 жылы 2271 бұқаралық спорттық іс-шара өткізіліп, оған 302 316 адам қатысты. Ауылдық жерде 1 656 іс-шара өткізіліп, 206 723 адам қамтылды. 

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 827 807 адамға жетті. Бұл – облыстағы жалпы халықтың 39,1 %-ы. 

Облыста ұлтымыздың төл спортының 10 түрі дамытылып, облыс аумағында жұмыс істеп жатқан 2071 спорт секциясында 110 385 адам тұрақты шұғылдануда. Бұл – жалпы шұғылданушылардың 13,3%-ы. 

Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Сауран» спорт клубы жұмыс істейді. 

Бүгінгі таңда спорт клубындағы 34 жаттықтырушы 266 мүмкіндігі шектеулі азаматтармен күнделікті жұмыс жүргізуде.

Өткен жылы облыс спортшылары спорттың 59 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен кубоктары жолындағы бәсекелерге қатысып, 360 алтын, 242 күміс, 280 қола медальға (жалпы 882 медаль) қол жеткізді. Азия чемпионаттары мен кубоктары жолындағы бәсекелерде 120 алтын, 48 күміс және 34 қола медальға (жалпы 202 медаль) ие болды.

Қазіргі таңда облыста 4647 спорт ғимараты тіркелген. 

Түркістан қаласында халықаралық теннис орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Түркістан қаласында орналасқан Б.Саттарханов атындағы облыстық спорт мектебінің спорт кешенін қайта құру және 320 көрерменге арналған қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. 

Сондай-ақ, облыс аумағында 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» республикалық арнайы жобасы аясында 6 спорт нысанының құрылысы қолға алынды.

Қазіргі таңда Түркістан облысында 691 МӘДЕНИЕТ және өнер мекемесі халыққа қызмет көрсетіп келеді (оның iшiнде: 395 кiтапхана, 254 клуб мекемелері, 24 музей, 3 кәсіби театр, 2 орталық, 1 облыстық филармония, 1 «Конгресс Холл» көпсалалы кешені, 1 көркемсурет галереясы, 1 «Оңтүстікфильм» мекемесі, 9 саябақ бар). 

2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 14 ауылдық Мәдениет үйінің (кітапханасымен бірге) құрылысы басталды. 

Есепті жылы мәдениет және өнер мекемелерінде 30 мыңнан аса мәдени көпшілік іс-шаралар ұйымдастырылды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесе отырып, «Рухани қазына – 2022» республикалық өнер фестивалі және «Алтын домбыра» ақындар айтысы ұйымдастырылды.

3 кәсіби театрда 5 жаңа спектакль сахналанып, 588 спектакль қойылды, оны 103 859 көрермен тамашалады.

Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония жанынан «Яссы» би ансамблі, «Qagan» этно-фольклорлық ансамблі, «Алаш» вокалды аспаптар ансамблі құрылды. Филармония ұжымы Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Италия елдерінде өнер көрсетіп, Алматы қаласындағы Республика сарайында өнер көрсетті. Шымкент қаласында «Шарықтасын Шәмшінің асыл әні» атты гала-концерт өткізіп, оны 3 мыңға жуық көрермен тамашалады.

«Оңтүстікфильм» мекемесі 138 әлеуметтік және деректі бейнефильмдер дайындап, 22162 қаралымға қол жеткізді.

 Облыстағы 24 музейде 8404 экскурсия, 672 көрме, 618 көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, 3615 дана жаңа экспонат жинақталып, жалпы қор 165 665-ке жетті.

395 кітапханада (2-уі облыстық кітапхана) 12 677 офлайн, онлайн (2605 онлайн) көпшілік іс-шара ұйымдастырылып, оқырмандар саны 425 860 адамды құрап, 104 081 дана жаңа кітаптармен толықтырылды. 

Түркістан облысы ТУРИСТІК әлеуеті жоғары, тарихи және мәдени мұраға бай және ашық аспан астындағы өзіндік мұражай болып табылады. Облыс аумағында 1754 тарих және мәдениет ескерткіші, оның ішінде 1 халықаралық маңызы бар объект (Қ.А. Ясауи кесенесі), 31 республикалық маңызы бар ескерткіш, 421 жергілікті маңызы бар ескерткіш бар.

Сондай-ақ, облыста 225 орналастыру орындары (қонақүйлер, хостелдер, демалыс аймақтары, балалар лагерьлері) және 68 санаториялық-курорттық ұйымдар жұмыс істейді.

Бұдан басқа, облыс аумағында 4 ерекше қорғалатын табиғи объект – ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы» және «Қаратау» қорықтары, сондай-ақ, «Сайрам-Өгем» ұлттық табиғи паркі және «Сырдария – Түркістан» өңірлік табиғи паркі орналасқан.

2022 жылы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне бір күндік келушілер саны 805 383 адамды құрады. 

Бұдан басқа «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына келушілер саны 420 064 адамды құрады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға келушілер саны 74 970 адамға жетті.

Өткен жылы жалпы сомасы 22,86 млрд. теңгеге 19 туристік нысан салынып, («Platinum», «Khan palace», «Almaty hotel» қонақүйлері, «Шаға» туристік-рекреациялық орталығы, «Отау» ойын-сауық орталығы, туристерге арналған Сапар орталығы және т. б.) пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, Түркістан облысының сыртқы және ішкі туризмін насихаттауға, шетелдіктер үшін өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын насихаттауға, Түркітілдес мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды, мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Түркістан қаласында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» атты халықаралық туризм додасы» жобасы іске асырылды. Жобаға түркітілдес 5 мемлекеттің шығармашылық өкілдері қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған