ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТАУЛАРЫНДА ЖОҒАЛҒАН 12 АДАМ ІЗДЕСТІРІЛУДЕ

2023 жылдың 5 қаңтарында сағат 10:00-де Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 112 пультіне Бәйдібек ауданы Байжансай тауына екі авто көлікпен жолға шыққан адамдардың жоғалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары мен өтімділігі жоғары техникасы жұмылдырылды. Ауа райына жағдайына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын жұмылдыру жоспарлануда.

Жоғалған адамдар соңғы рет 2023 жылдың 3 қаңтарда сағат 16:00-де туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Өтініш иесінің айтуынша жоғалған адамдар 3 қаңтар күні Шымкент қаласына қайтулары керек болған.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауыл ескертулерге құлақ асуға кеңес береді. Тауға шықпас бұрын сол аймақтың ауа райымен міндетті түрде танысыңыз. Жақындарыңызға жоспарланған тау бағыты мен қалаға қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Бейтаныс жолмен жолды қысқартпаңыз. Сонымен қатар, сізде зарядталған телефон мен паурбанк болуы керек. Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. 

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған