ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТЕДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс тұрғындары үшін коммуналдық саладағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізеді.

Қоғамдық қабылдау онлайн режимде 2023 жылғы 7 наурызда сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында мына сілтеме бойынша тікелей эфирде өтеді: https://www.facebook.com/groups/2005155806263888.

Осыған байланысты, Департамент Түркістан облысының тұрғындарын және басқа да мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Әрбір қатысушы, тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және өзге саладағы мәселелерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.

Анықтама үшін телефон: +7 (72533) 5-75-51.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған