ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Биыл аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде қар қалың түсті. Күн жылынып қардың жылдам еруінен және жауын шашыннан су алу қауіпі жоғары. Аталған жағдайға байланысты Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков сала бойынша орынбасарларына, ауылдық округі әкімдеріне су алу қауіпі бар аумақтардағы өзендерді бақылауға алуды және арық-атыздарды тазалау жөнінде тапсырма берген болатын.

Тапсырмаға сәйкес аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Қ.Әуелбеков Алғабас, Шаян ауылдық округтерін аралады. Алғабас ауылдық округіндегі Қапшағай суқоймасынан бастау алатын Комсомол каналын, Шаян өзенін және Күлтөбе көшесіндегі каналды аралап көрді. Аралау барысында су тасқынының алдын алу бойынша су тасу қауіпі бар Шаян өзені бойындағы бірқатар арналарды кеңейту, Көлтөбе көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің ауласы арқылы ағын су ағатын каналды тазалау жөнінде ауыл әкімі А.Әуелбековаға тапсырма берді.

Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаиловтың тапсырмасына сай барша ауыл округтерінде қардың еруі және жауын-шашын салдарынан орын алуы мүмкін табиғи апаттардың алдын алу шаралары жалғасып жатыр. Осы орайда атқарылып жатқан істермен танысу үшін аудан әкімі Азизхан Әзімханұлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Д.Тәліпбаевпен Қазығұрт, Шарбұлақ, Қ.Әбдәлиев және Сарапхана ауыл округтеріне арнайы барып, елді мекендердегі арық-атыздар, каналдар, қашыртқыларды кеңейту, судың жолын бөгеу үшін қапшықтарға құм салу, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру жұмыстарын көріп, бірқатар тапсырмаларын берді.

Сауран ауданының әкімі Ғалымжан Қарабайұлының төрағалығымен Сауран ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша жиын өткізілді. Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша аудан аумағындағы көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары және су қоймаларының, гидротехникалық құрылғылар мен құрылыстардың жағдайы туралы баяндамалар тыңдалды. Сонымен қатар болуы мүмкін тасқын суды қауіпсіз өткізу бойынша тапсырмалар берілді:

– ауыл әкімдіктері, ауыл округ аумағындағы қауіпті учаскелер мен гидротехникалық құрылыстары зерделеп, қажетті шаралардың қабылдануын;

– тасқынға қарсы инертті материалдарды, құм салатын қаптарды және күш пен құралдарды әзірлікке келтірумен жағдай күрделенген кезде жедел жұмылдыруды ұйымдастырылуын;

– төтенше жағдай кезіндегі эвакуациялық іс-шараларды пысықтауын;

– су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспарларын толыққанды сапалы орындалуын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған