ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУДЫ ТАРАТУШЫ ЖЕЛІЛЕР АРҚЫЛЫ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФТЕР БЕКІТІЛДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті 2023 жылға  суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Шолаққорған-Су» МКК-ның Таукент және Қыземшек ауылдарына тарифі мен тарифтік сметасын бекітті.

Субъектінің тарифтері төмендегідей болып қабылданды:

•         Орташа тариф – 190,85 теңге/м3;

•         Халыққа – 52,96 теңге/м3;

•         Бюджеттік мекемелер – 626,27 теңге/м3;

•         Басқалар – 608,41 теңге/м3.

Субъектінің аталған тарифі 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған