ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СУДЫ БЕРУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАРИФ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Арыс су шаруашылығы» МКК-ның суды арналар арқылы беру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында суды арналар арқылы беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, Арыс қаласының «Ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ШЖҚ «Арыс су шаруашылығы» МКК-ның тұтынушыларына тарифті 1000 теңге м3 үшін 330,92-ден 139,35 теңгеге дейін немесе 57,89%-ға уақытша төмендету арқылы 6 968 540 теңге көлемінде сомада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған