ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЙЛАУ НАУҚАНЫН НАСИХАТТАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауын халықты ақпараттандыру мақсатында Түркістан облысында барлығы 1600-ге жуық жарнамалық конструкция орнатылған.

Сондай-ақ, орталық сайлау комиссиясы бекіткен эскиз бойынша 400-ден аса баннер ілініп, 38 лед-экранда сайлауға шақыруға арналған бейнероликтер көрсетіліп жатыр.

Бұдан бөлек, халық көп шоғырланатын жерлерде (халыққа қызмет көрсету орталықтары, жастар ресурстық орталықтары, темір жол, автовокзалдар, сауда орталықтары, базарлар, мәдениет үйлері, т.б.) ақпараттық бейнероликтер мен аудиохабарламалар таратылуда.

17 аудан-қалда кандидаттарға үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін 646 (ақпараттық стенд – 187, ақпараттық тақта – 459) орын, кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін 330 орын нақтыланған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған