ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МӘСЛИХАТТАРҒА КАНДИДАТ РЕТІНДЕ 1600-ДЕН АСТАМ АДАМ ТІРКЕЛДІ

Түркістан облысында бұған дейін облыстық, аудан-қалалық мәслихаттарда жалпы 320 мандаттық орын болса, округ санының көбеюіне байланысты қазір 338-ге жетті. Осы мандаттық орынға кандидат ретінде 1 600-ден астам адам тіркелген.

Сонымен қатар, өңірде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлау бойынша – 3, облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау бойынша 23, аудандық, қалалық мәслихаттар депутаттарын сайлау бойынша 292 бір мандатты округтер құрылған. Сондай-ақ, науқанның ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін облыс аумағында 318 округтік сайлау комиссиясы құрылған. Жалпы өңірде қазіргі таңда 1 млн 165 мың 900 адам дауыс беру құқығына ие.

Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына үміткерлерді ұсыну сайлауды тағайындау туралы Жарлық жарияланған күннен басталды. Науқан 20 күнге созылады. Осылайша, 20 қаңтардан 18 ақпанға дейін жалғасады.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат 18 ақпан күні сағат 18:00-де басталып, 18 наурыз сағат 00:00-ге дейін созылады. 18 наурыз – «тыныштық күні».

Сайлау күні, яғни 19 наурызда учаскелерде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін азаматтар дауыс бере алады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған