ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «КӨКТЕМ-2023» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТУДЕ

2023 жылдың 2-3 наурыз аралығында Түркістан облысы «2023 жылғы көктем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында «Көктем-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.

Оқу-жаттығудың мақсаты – көктем кезеңіндегі төтенше жағдайлар кезінде басқару органдардың, күштермен құралдардың іс-әрекетінің дайындығын тексеру.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында оқу-жаттығу штабы жұмыс жасауда.

Оқу-жаттығуға ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссия, азаматтық қорғау қызметтері, эвакуациялық комиссия, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындары қатысуда.

Сонымен қатар, оқу-жаттығу шеңберінде электр дабылдарын іске қосу мен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді.

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған