ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КІРМЕ ЖОЛДЫ БЕРУ ТАРИФІ ТӨМЕНДЕДІ

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті «Кәусар-Сарыағаш» ЖШС-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметі бойынша 2021 жылға тарифтік сметасын орындау туралы есебіне талдау жасады.

Талдау барысында бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтік сметасында көзделген шығындар баптарын толық көлемде орындамағандығы анықталды, бұл негізсіз кіріс алуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында, табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес уақытша өтемдік тариф енгізу жолымен шаралар қабылдады.

Нәтижесінде, «Кәусар-Сарыағаш» ЖШС-ның тұтынушыларына тарифті вагоно-км үшін 1 373,64- ден 920,45теңгеге дейін немесе 32,99%-ға уақытша төмендету арқылы 436 773,43теңге көлемінде сомада негізсіз кіріс қайтарылады.

Бұйрық 2023 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған