ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 465 ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда облыстағы 831 елдімекеннің 465-і, яғни 56 пайызы табиғи газбен қамтылған.
Ал 2023 жылдың қорытындысымен 516 елдімекенді (62%) табиғи газды қосу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, алдағы 3 жылда қосымша 247 елдімекенді табиғи газға қосып, нәтижесінде 2025 жылы қамту деңгейі 722 елдімекенге (86,8%) жеткізілмек. Облысты алдағы уақытта газбен жабдықтау саласында жалпы құны 19,1 млрд. теңге құрайтын 56 жоба әзірленген.

Сондай-ақ өңірдегі 831 елдімекеннің 719-ы, яғни 86,5%-ы ауызсумен қамтамасыз етілген. Облыс көлемінде 101 елдімекен ауызсуды бұлақ көздерінен, 11 елдімекен ашық су көздерінен пайдалануда. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін ауызсудың орташа тариф құны – 64,97 теңге, бюджеттік мекемелер үшін – 125,3 теңге, өнеркәсіп және коммерциялық ұйымдар үшін – 129,5 теңге. 2023 жылдың қорытындысымен 831 елдімекеннің 736-ын немесе 88,6%-н ауызсумен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Түркістан облысы – электр қуатына тапшы өңірдің бірі. Аймақтың орташа қажеттілігі 320 МВт/сағ құрайды. Оның 20%-н ішкі энергетикалық көздер өндірсе, 80%-ы еліміздің Солтүстік өңірінен және Шымкент, Тараз қалаларындағы станциялардан тасымалданады. Облыс аумағындағы 831 елдімекеннің 815-і орталықтандырылған электр желісімен қамтылған. Қалған шалғайдағы 16 елдімекен дербес электр қондырғыларын пайдалануда. 2023 жылдың қорытындысымен 40 нысанның құрылысын аяқтап, 47 елдімекендегі 122,3 мың тұрғынды сапалы электр қуатымен қамту көзделіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған