ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 27 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Өткен тәулікте Түркістан облысында қар құрсауынан 27 адам құтқарылды. «112» қызметіне Төлеби ауданының Көксәйек ауылынан 7 шақырым жерде жолаушылары 7 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Төтенше жағдай орнына келген құтқарушылар 7 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 14 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқарып, Көксәйек ауылындағы №16 өрт сөндіру бекетіне жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Сол күні құтқарушылар Созақ ауданының Шолаққорған ауылынан 25 км жердегі аудандық маңызы бар «Шолаққорған-Түркістан» тас жолында 13 адам, оның ішінде 1 бала құтқарды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 11 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарға ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған