ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДІҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Бүгін Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Ұлы Дала Елі» орталығында «Этносаралық шиеленістердің шығу себептері және оның алдын алу» тақырыбында семинар өтті. Семинарға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев модераторлық етіп отырды. Жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев қатысты.

ТҮРКІСТАНДА ЭТНОСАРАЛЫҚ ШИЕЛЕНІСТЕРДІҢ ШЫҒУ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

Сонымен қатар, семинарға аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, адан, қала прокурарлары мен ішкі істер бөлімдерінің басшылары, ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша Департаментінің аудандық бөлімдерінің бастықтары, «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкерлері мен мекеменің аудандық, қалалық филиалдарының басшылары қатысты.

Шара барысында Ғалым Шойкин еліміз зайырлы мемлекет ретінде бізде барлық халықтар тең құқылы екенін алға тарта айтты.

«Түркістан облысында көп этнос өкілдері тұрады, және өңір осымен ерекшеленеді. Өңірде этносаралық қатынастар саласы бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Мемлекетіміз көп этносты ел. Біздегі халықтардың барлығы да тең құқылы. Өзге этнос өкілдеріне деген кемсітушілікке жол берілмеу керек. Кемсітуге, бөлуге жол берілмесе ғана ол елдің патриоты бола алады. Ұлт-саяси ұғым, халықтың және мемлекеттіліктің даму деңгейін сипаттайды. Ал этнос-мәдени, әлеуметтік, демографиялық ұғым. Сондықтанда көпұлтты деген сөз емес, көп этносты деген сөз дұрыс. Қазірде әлеуметтік желілерде де ұлттық белгі бойынша да көптеген келіспеушіліктер туындап жатыр. Сол үшін адамның ұлтына қарамастан барлығына бірдей шара қолданылуы керек»,- дейді Ғалым Нұрмағанбетұлы.

Сонымен қатар, ол әр этнос өкілінің өз тілін және мәдениетін сақтауға құқылы екендігін айтып, жиынға қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған