ТҮРКІСТАНДА «ТАРИФТІ ИНВЕСТИЦИЯҒА АЙЫРБАСТАУ» ЖАҢА ТАРИФТІК САЯСАТЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

2023 жылғы 17 ақпанда Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ақтілеу Бекмуратов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде, табиғи монополиялар субъектілерімен бірге коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған «Тарифті инвестицияға айырбастау» қағидаты негізінде жаңа тарифтік саясатты енгізу мәселелерін талқылады.

Талқылау барысында сумен жабдықтау, су бұру және электрмен жабдықтау салаларында қызмет көрсететін табиғи монополиялар субъектілерімен желілер мен жабдықтардың тозуы, кадрлардың жетіспеушілігі және жалақы сияқты проблемалық мәселелер қозғалды.

Ақтілеу Бекмуратов жоғарыда аталған мәселені талдап, өз құзыреті шеңберінде оларға жауаптар берді.

Кеңес қорытындысы бойынша табиғи монополиялар субъектілері жаңа тарифтік саясатты қолдануға дайындалатын болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған