ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті. Шараға өңірдегі үздік спортшылар, ардагерлер, құқық қорғау органдары мен қала тұрғындары, жалпы 500-ге жуық адам қатысты.

ТҮРКІСТАНДА «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Мақсат – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты бұқара халық арасында кеңінен насихаттау.Игілікті іс Түркістан облысының әкімдігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыруымен қолға алынды. Түркістан қаласындағы «Жібек Жолы» саябағында өткен іс-шарада үздіктер анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған