ТҮРКІСТАНДА БЫЛТЫР 273 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІПТЕРІН БАСТАҒАН

Түркістан қаласында шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді. Мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Ұлттық жоба аясында кәсіпкерлік мақсатта берілетін қайтарымсыз гранттар 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (1 225 200 теңге ) ұсынылды.

ТҮРКІСТАНДА БЫЛТЫР 273 ТҰРҒЫН ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ АЛЫП, КӘСІПТЕРІН БАСТАҒАН

Бұл бағыттағы 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталсақ, облыс орталығында жаңа бизнес идеяларды іске асыруға өтініш білдірген 273 азаматқа (оның ішінде 120 әлеуметтік осал санатына жататын тұлғаларға және 153 жұмыссыз жастар) қайтарымсыз қаржылай қолдау көрсетілді. Бүгінде грант қаражатымен қамтылған азаматтар заңды тұлға ретінде тіркеліп, өз кәсіптерін дөңгелетуде.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражаты қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады. Ал бұл қаржыны тұтынушылық мақсаттарға, несие қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға қолдануға болмайды.
Бастапқы кәсіпкерлікке қаржылай қолдау көрсету шаралары биыл да жалғасады. Жоспарға сәйкес, биыл 110 азаматқа грант қаражаттарын ұсыну көзделіп отыр.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған