ТҮРКІСТАН: 18 ҚҰРСАҚ КӨТЕРГЕН ШАРДАРАЛЫҚ БАТЫР АНА САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

Шардаралық батыр ана Нұрым Қойшанова апа бүгінгі ҚР Президент сайлауында өз дауысын берді. Ол 1932 жылы 1 қаңтарда туған. Кейуана 18 құрсақ көтерген «Алтын алқа» иегері, 33 немере, 51 шөбере, 7 шөпшек сүйіп отырған аяулы әже.

“Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ сүтінен тарайды” дегендей қарт анадан тәрбие алған ұл-қыздары Егеменді еліміздің іргетасын қалауда өз үлестерін қосып, әр салада табысты еңбек етуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған