ТҮРКІСТАН: 100 ЖАСТАҒЫ АҚСАҚАЛ АЛҒАШҚЫЛАРДЫҢ БІРІ БОЛЫП ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Сайрам ауданында ең белсенді дауыс берушілер таңсәріден келіп өз болашағына байланысты таңдау жасауда. Солардың бірі Қарасу ауылдық округіндегі N560 учаскесіне алғашқылардың бірі болып 100 жастағы Садық Қуатбеков ақсақал немерелерімен келіп, өз таңдауын жасады.

Жалпы, аудан бойынша жалпы 86 учаскесі, 133 065 дауыс беруші бар. Барлық учаске өз жұмысын уақытылы бастады. Сайлау бойынша таңдау жасау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған