Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары М. Жанесен мәжілісті жүргізіп отырды.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Б.Азимбаев өз баяндамасында «2023 жылғы су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары, күштері мен құралдары күшейтілген кезекшілікте, қазіргі таңда тәуліктік штаб аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде құрылған ескере отырып ауыл округі,кент әкімдері мен тиісті мекемелерге шұғыл дайындыққа келтіретін тапсырмаларды жеткізді:
– елді мекен тұрғындарымен ирригациялық жүйелерді (арық атыздарды тазалау), өзен, каналдарыңыздың жағдайын бақылап отырып күнделікті штабқа мәліметтерді беру;
– Мотопомпаларды дайындықта ұстау;
– Қауіпті саналатын аймақтарда төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
– Қарды тазалау жұмыстарын үнемі бақылауға алып қауіпті аймақтарда тазалау жұмыстары ұйымдастыру;
– Ақбиік ауыл округі әкімі, «Құлан», «Сартөр» су қоймасындағы жиналған су көлеміне тәулік бойы бақылау жасап мөлшерден тыс жиналған артық су көлемін реттеп жіберуді ұйымдастыру;
– Күнделікті мәлімет 101,112 телефонына диспетчерге штабқа беріп тұру.
Тасқын су болдырмау және алдын алу мақсатында ауыл округі әкімдері қажетті техника иелерімен келісім-шарт жасау бойынша нақты хаттамалық тапсырма берілді. Түлкібас ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметімен ұдайы байланыста болу тапсырды.
Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының кезекті мәжілісінің №1 хаттамалық шешімімен тапсырмалар тиісті мекемелерге шұғыл орындауға жолданды.