ТҮЛКІБАСТА ТАБИҒИ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Биыл аудан аумағында қардың қалын түсуіне байланысты көктемде су тасу қауіпі жоғары. Осы орайда су тасқының алдын алу мақсатында аудан әкімдігі жанынан арнайы штаб құрылып, төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасымен республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жол бойларында орналасқан су ағатын құбырлардың көзін ашып, мұздан, қоқыстан тазарту жұмыстары іске асуда. Алдағы уақытта аталған бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде жалғасын табатын болады. Атап айтсақ, барлық елді мекен аумағындағы арық-атыздар тазаланып, қауіпті аймақтар күшейтіледі. Әр ауылдық округте су тасқының алдын алу бойынша мердігер мекемемен келісім-шарттар түзіліп, арнайы құрал-саймандар, қажетті техникалар бекітілген. Бүгінгі таңда табиғи апаттың алдын алу бойынша 4900 дана қап, 180 куб құм, 163 дана күрек, 111 дана кеппен, 20 дана су соратын мотопомпа және 15 дана техника халықты эвакуциялауға әзірлікте.

Аудан аумағындағы барлық су қоймалары мен өзен, каналдарға күнделікті бақылау жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған