ТІЛСІЗ ЖАУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Түркістан облысында жылу беру маусымында тұрғындар өміріне қауіп төндіретін өрт, улы газ секілді көзге көрінбейтін тілсіз жаудан сақтану бойынша үгіт-насихат шаралары жалғасуда.

Отырар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және №9 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері, №30 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындарына “Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздік және Улы газдан уланудың алдын алу” тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынама парақшаларын таратты.

Сондай-ақ Кентау қаласында көппәтерлі тұрғын үйлерге газ берулеріне байланысты уланудың алдын алу бағытталған өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша іс-шаралар өтуде.

2023 жылдың 9 қаңтар күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №12 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен бірлесіп, және Кентау қаласының газ қызметкерлерімен Кентау қаласы, Ясауи №89 А көппәтерлі тұрғын үйлерге газ берілуіне байланысты, тұрғындарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, улы газбен уланудың алдын алу және балалардың терезеден құлап кету жәйттерін болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жадынама парақшаларын таратты.

Ал Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сектор меңгерушісі қала тұрғындарына профилактикалық жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара барысында тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі түсіндіріліп, үнпарақтар таратылды.

Шара барысында Сауран секторына қарасты тұрғын үйден «Иран» пеші анықталып акт түзілді.

Айта кету керек, шара барысында қауіпсіздік шаралары қолға алынбағаны анықталып тұрады – уақтылы тазаланбаған мұржа, пештің алдына қойылатын төсемшенің болмауы, пештерде жарықтардың болуы. Әрине, тұрақты түрде ескертіп тұру, қадағалау Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің жұмысы болғанымен, өмірлерінің, үйлерінің қауіпсіздігі тек олардың өз жауапкершілігінде екенін түсінуі керек. Үй иелерінің әрқайсысы мұржасын тазалап, ұшқындаған розетканы жоймайынша және тұрғын үйді өртке қарсы жағдайға келтірмейінше, жағдай шешілмейді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға өз өмірін сақтап қалу үшін жылыту кезеңінде келесі ережелерді сақтау керектігін ескертеді:

– түтін құбырлары, түтін мұржалары және жылыту пештерінің басқа элементтері жылыту пештері үшін – жылыту маусымы басталғанға дейін, сондай-ақ жылыту маусымы кезінде кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін – кемінде екі айда бір рет – күйеден тазартып отыру қажет;

– шатырларда және түтін арналары өтетін үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғаларын әктеу керек;

– жылыту пешінің алдында өлшемі 50*70 сантиметр болатын металл пештің алдына қойылатын төсемшенің болуы тиіс;

– қыздырылған күл мен қожды оттықтардан шығарғаннан кейін олар үшін арнайы бөлінген жерге алып тастап, су төгеді.

Пешпен жылытуды қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы – жылыту пешінің дұрыс құрылғысы. Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан белгіленген өртке қарсы бөлгіш (шегініс) болуы керек.

– Отты абайлап қолдану.

– Электр сымдарындағы ақауларды уақытында жою.

– Электр жылытқыштар мен майдагерлік өндіріс аспаптарын пайдаланбау қажет.

Өрт кезінде дереу 101 немесе өзге де төтенше жағдай орын алғанда 112 нөміріне хабарласу қажет.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған