«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІБІН АШУҒА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР АЛДЫ

Бүгін Түркістан облысында «Табысты отбасы» жобасының түлектері сертификаттар алып, жабдықтар жиынтығы түрінде гранттар алды.Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылуда.

Қатысушылар «SMM», «Бьюти индустрия», «Тігін ісі» және «Автоэлектрик» бағыттары аясында кешенді оқудан өтті. Салтанатты шараға облыс әкімдігі және «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өкілдері, бизнес-тренерлер арнайы қатысып, «Табысты отбасы» жобасына қатысушыларды құттықтады.

«ТАБЫСТЫ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ КӘСІБІН АШУҒА ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР АЛДЫ

«Сіздерге отбасылық табысты арттыруға тамаша мүмкіндік туып отыр. Өйткені жұмыс істеуге және жақсы табыс табуға қажетті білім мен жабдықтарды алдыңыздар. Барлық түлектерге табыс тілеймін, сіздердің жетістіктеріңіз – біз үшін ең үлкен марапат», – деп құттықтады жоба авторы Айжани Нұрланова.

Қатысушылар сертификаттан бөлек өз ісін дамыту үшін қажетті – ноутбуктер, мультимарка сканерлерін, тігін машиналарын, жиһаздарды тегін алды.

Айта кетерлігі, жобаның бұл екінші кезеңінде 43 облыс тұрғыны грантқа қол жеткізген. Бірінші кезеңде Түркістан облысы бойынша 27 қатысушы қажетті білімді игеріп, грант алған. Алдағы уақытта да «Табысты отбасы» жобасы жалғасады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған