ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІНЕ ДАЙЫН БОЛЫҢЫЗ!

Қазақстан Республикасының Экология және Табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Түркістан облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 31 қаңтар мен 1 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар), 2-3 ақпанда облыстың басым бөлігінде қатты жауын-шашын жауады. Облыстың оңтүстігінде, бастысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, таулы аудандарда көктайғақ күтіледі. 2 ақпанда тәулік бойы облыстың басым бөлігінде оңтүстік-батыстан 17-22 м/с жылдамдықпен, тау асуларында екпіні 28 м/с жылдамдықпен жел тұрады деп күтілуде.

Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылыға, солтүстік аудандарда 3 градус аязға дейін, күндіз 10-12 градусқа жылыға, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус жылыға дейін күрт жоғарылайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған