СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒДАЙЫ БАҚЫЛАУДА

2023 жылдың 11 қаңтар күні Арыс қаласының аумағындағы Көксарай су реттегішінің және Арыс аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің, сонымен қатар Арыс қаласының әкімдігінің қызметкерлерімен Сырдария өзенінің жағасын және Көксарай су реттегішінің техникалық жағдайына визуалды қарау жұмыстары жүргізілді. Қарау барысында Су реттегіштің жұмысы және Сырдария өзенінің жағасындағы елді мекендерді қорғайтын бөгеттердің жағдайы қанағаттанарлық екені анықталды. Қорытындысында Көксарай су реттегішінің қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар беріліп, күнделікті бақылауда ұстауды тапсырды.

Сондай-ақ осы күні Сауран ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, Сауран ауданының Үшқайық, Қарашық, Иассы ауылдық округі әкімдіктерінің мамандарымен және «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының қызметкерлерімен бірлесіп Сырдария өзенінің жағасына және өзеннен шығатын бастаулармен каналдарға визуалды қарау жұмыстарын жүргізіліп қайтты.

Отырар ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, ауыл округінің әкімі және КазВодхоз қызметкерлері де Сырдария өзеніне және арналарымен тоғанына визуалды қарап шығу жұмыстарын жүргізді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған