СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ДАМУЫМЫЗҒА ТЕЖЕУ

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін, Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабылу керек екендігін атап өткен болатын.

Осыған орай, бүгін «АМАНАТ» партиясы Сайрам аудандық филиалының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және оған мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру мақсатында, Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесе дөңгелек үстел өткізді.

Жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бағдарламаларды орындау жөнінде жүргізілген заңнамалық жұмысқа баса назар аударып, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, онымен барынша күресу керектігі айтылып, өзара пікір алмасылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған