СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Мақтаарал ауданы төтенше жағдайлар бөлімі және жергілікті атқарушы органдар тарапынан аудандағы достық каналының жағдайына мониторинг жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мақтаарал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Ғ.Жумадилов тарапынан аудан әкімі аппаратының бас маманы Б.Зейілбеков, «Достық» магистралды каналының басшысы А.Жанботаевпен бірге «Достық» каналына мониторинг жүргізілді. Достық каналынан каналдарға құяр басындағы тоспалар мен шлюздердің жай-күйі бақылауға алынып, су тасқынының алдын алу жұмыстары пысықталды. Сонымен қатар, қаптар мен құмдардың дайындығына назар аударылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған