СУ ТАСҚЫНЫ – БОЛЖАП БОЛМАЙТЫН САЛДАРҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН

Су тасқыны, су басу – болжап болмайтын салдарға әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс. Ол ауа райы температурасының кенет көтерілуі, қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбыр, қума жел, мұздың кептелуі және тағы басқалар өзен, көлдегі судың көтерілуі нәтижесінде бірталай жерлердің су астында қалуы.

Қатты жауын-шашын түсуі мен ауа температурасының жоғарылауы байқалған жағдайда Түркістан облысы Төлеби ауданының аумағындағы Бадам, Сайрам-су, Ақсу, Балдыберек, Қасқасу, Доңғызтау, Сарыайғыр және т. б. өзен алаптарында су басуымен еріген мұзды-жаңбырлы су тасқыны және беткейлерде қарқынды баурайлық ағындардың қалыптасуы мен өтуі ықтимал.

Бұл құбылыстар жақын маңдағы аумақтар мен оларда орналасқан: Балдыберек, Төңкеріс, Бірінші Мамыр, Ақайдар, Киелітас, Достық, Сұлтан-Рабат, Екпінді, Ынтымақ, Көксәйек, Тасарық, Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу, Кершетас, Қаратөбе, Жамбыл т.б. елді-мекендердің су басуына және кей жерлерде қарқынды баурайлық және жер үсті ағынының қалыптасуына, сондай-ақ басқа да жағымсыз салдарларға әкелуі мүмкін.

Ж. ТОҒЫСБАЙ,

ҚР «Қазселденқорғау» ММ ОАПТБ Төлеби ӨПТ инженер-гидрологы

А. ТОҒАЕВ,

Төлеби ауданы ТЖБ аға инженері, а.қ.капитаны

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған