СУДЫҢ ДЕҢГЕЙІ ҰДАЙЫ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ КЕРЕК

Ордабасы ауданының әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен ауданда су тасқыны кезеңіне дайындық жүргізуге байланысты жиын өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауыл әкімдері, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы мен мамандары, коммуналдық қызмет көрсету мекемесінің, ауылшаруашылығы бөлімінің басшылары қатысты.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ж.Қоспанов ағымдағы жылы су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары туралы баяндама жасап, аудан аумағындағы су қоймаларындағы және өзендердегі су деңгейінің қалыпты екенін, алайда ауылдағы кейбір қашыртқыларды тазалап, ретке келтіру қажет екенін айтты.

Өз кезегінде аудан басшысы тиісті сала мамандары мен ауыл әкімдеріне алдын-ала әрекет жасап, қашыртқыларды тазалауды тапсырды. Сондай-ақ су қоймалары мен өзендердегі ахуалды ұдайы бақылап отыру үшін тиісті адамдарды бекітуді, олардың тұрақты түрде төтенше жағдай бөліміне, әкімдікке ақпарат беріп отыруын ұйымдастыруды, коммуналдық қызмет көрсету техникаларының кез-келген жағдайға дайын болуын, инертті материалдардың көлемін арттыруды тапсырды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған