СОҒЫСТЫҢ СОҢҒЫ СОЛДАТЫ САЙЛАУДА ДАУЫС БЕРДІ

1418 күн мен түнге созылған қайғы-қасіреті мол, адамзат тарихында ІІ Дүние жүзілік соғыс атауымен таңбаланған сұрапыл соғыста от кешіп, кеудесін оққа төсеген соғыс ардагерлерінің ерліктері ел есінде мәңгіге сақталып қала бермек.

Ғасырдан-ғасырға жетерлік ауыр қасірет қалдырған соғыстың зардабын шеккен жетісайлық ардагер, Ұлы Отан Соғысының соңғы солдаты 97 жастағы Папков Петр Кузьмич саяси науқанда өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Жетісай қаласындағы №877 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері бүгінде денсаулығы сыр беріп, өздігінен жүріп-тұрудан қалған қарт майдангердің үйіне барып, сайлаудан шет қалмауына, өз таңдауын жасауына мүмкіндік жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған