СОЗАҚТЫҚ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

Бүгін – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау күні.Халықтың саяси науқанға ықыласы ерекше. Созақтықтар бұл күні ұлттық киім киіп, сайлау учаскесіне келуде. Қазақы дәстүрді берік ұстанатын Жуантөбе ауыл округінің түрғындары сайлау учаскесіне бұл күнде ұлттық киіммен келіп дауыс беруде.

СОЗАҚТЫҚ САЙЛАУШЫЛАР ДАУЫС БЕРУ УЧАСКЕСІНЕ ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

-Алдымызда Наурыз мейрамы. Бүгін саяси науқан. Осындай ерекше күндері ұлттық киім киіп келдім. Өз таңдауымды жасадым. Қазақы киім қандай әдемі. Жалпы, бұл киімді тұрақты киіп жүруді қолға алу керек, – дейді Жуантөбе ауыл округінің тұрғыны Тайбек Аманжол Әлмханұлы.

Жуантөбелік тұрғындар сайлау күні өз таңдауын жасап, Наурыз мейрамы қараңында ұлттық киімді ұлықтап жүр.

Созақ ауданының тұрғындары саяси науқанды аса белсенділікпен бастауда. Сайлауға алғаш келгендердің қатарында зейнеткерлерден бастап, жұмысшылар, аудан жастары бар.
Айта кетейік, Созақ ауданы бойынша 39 сайлау учаскесі, 36258 сайлаушы бар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған