СОЗАҚ АУДАНЫНДА САЙЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә.Әлішев, сайлау комиссиясының мүшесі Д.Оразымбетов Созақ ауданында оқыту семинарын өткізді.

СОЗАҚ АУДАНЫНДА САЙЛАУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Оқуға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен орынбасары, барлық мүшелері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Семинарда алдағы өтетін сайлауға дайындық және оны өткізу бойынша атқарылатын жұмыстар, сайлау барысында туындайтын ситуациялық сұрақтар көтеріліп, түсіндірме жұмыстары жүрді. Семинарда қатысушылардың тараптарынан сауалддар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.
Еске сала кетсек, Түркістан облысында 941 сайлау учаскесі бар. Өңірде сайлаушылардың саны 1 176 138 адамды құрайды.
Сондай-ақ, 318 сайлау округі, оның ішінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық 3 сайлау округі, облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 23 сайлау округі, қалалық 44 және аудандық 248 сайлау округтері құрылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған