«САҚТАНСАҢ САҚТАЙМЫН» ДЕГЕНДІ ЖАДЫМЫЗҒА ТҮЙІП ЖҮРМІЗ БЕ?

Жылыту маусымы басталғаннан бастап тұрғын үйлер мен пәтердегілер тұрмыстық өрттердің саны жиілейтіні жасырын емес. Көп жағдайда олардың себептері жылыту жүйелері, электр желісін шамадан тыс жүктеу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу, сондай-ақ қарапайым немқұрайлылық болып табылады. Сондықтан да өрттің алдын алу, жалпы қарапайым талаптарды орындау жөнінде тұрғындарға үнемі ескертіп тұруға тура келеді. Осыған байланысты Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері азаматтардан жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтауды және өз қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды сұрайды.

2023 жылдың 20 қаңтар күні Түлкібас ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі қызметкерлерімен бірлескен түрде Түлкібас
ауданы, Майлыкент ауыл округі, Т.Рысқұлов ауылында орналасқан Гүлжан, Көкірек базарларына және сауда дүкендеріне сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірмелер жасалып, 50 дана жадынама парақшалары таратылды. Гүлжан, Көкірек базар басшыларына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында жазылған Сауда
объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі туралы ақпараттық хаттар ұсынылды.

Нақ осы күні Кентау қаласының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Кентау қаласы Ясауи даңғылы бойындағы Береке, Нұргелді, Салиха ана базарларының дауыс күшейткіш құрылғысымен халыққа және сауда дүкендеріне сауда орындарының басшыларына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Түлкібас ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі де осы бағыттағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Аудан аумағындағы кәсіпкерлерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы негізде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге аудан аумағындағы әртүрлі кәсіп иелерінен 16 адам қатысты.

Жетісай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері де тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянып жатқан жоқ. Жетісай ауданында орналасқан базарларға және сауда дүкендеріне сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірмелер жасалып, 100 дана жадынама парақшаларын таратты. Базар басшыларына Қазақстан
Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында жазылған Сауда объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі туралы ақпараттық хаттар ұсынылды.

Сондай-ақ Жетісай ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аудандағы тұрғын үйлерде қауіпсіздік талаптарының сақталуына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп САНҰР телеарнасына сұхбат берілді. Пешті қолдану ережелерін бұзу, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, қайғылы жағдайлар орын алуы мүмкін ескені ескертілді. Мұндай жағдайлар қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамау салдарынан туындайды. Аудан тұрғындарын ескерту мақсатында, Жетісай ауданы аумағындағы тұрғын үйлерді аралау жұмыстары қарқынды түрде жүргізу жалғасты. Аралау барысында тұрғындарға «Тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан сақтану» бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға жадынама парақшаларын таратты.

Ал Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері сауда орындарында өрт қауіпсіздік талаптары мен ережелерін сақтау нұсқаулығын түсіндірді.

2023 жылдың 20 қаңтары күні Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Сарыағаш ауданында орналасқан “Алып”, “Дәулет”, және “Жібек жолы” сауда орталықтарына және сауда дүкендеріне өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға 80 дана жадынама парақтары таратылды. Сауда орталықтарының басшыларына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы №55 “Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы” бұйрығында жазылған сауда объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі туралы ақпараттық хаттар ұсынылды.

Сондай-ақ бүгін, 2023 жылдың 21 қаңтарында Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі және №5-өрт сөндіру бөлім қызметкерлерімен тұрғын үйлердегі улы газ және өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескертпелер таратылды.

«Сақтансаң сақтаймын» дегенді жадымызға түйіп жүрміз бе? Жақындарымыздың амандығын ойласақ, қарапайым қауіпсіздік шараларын естен шығармайық!

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған