САУРАНДА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сауран ауданына қарасты Бабайқорған және Шаға ауылдық округтерінде ауа райының қолайсыздығына байланысты жауын-шашынның шамадан тыс жаууына, таудан жиналған судан және жауған қар, мұздақтардың еруіне орай, арық атыздардан келетін су арналарының тасып кетуінен елді мекендерді су алып, төтенше жағдай орын алған болатын.

Төтенше жағдай орын алған Шаға, Бабайқорған ауылдық округтерінде жедел әрекет ету штабтары құрылып кезекшіліктер ұйымдастырылды. Бұл туралы Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ауылдық округтерде зардап шеккендерге келтірілген залалды анықтау мақсатында арнайы комиссиялар құрылды. Комиссиялар зерделеу жұмыстарын жүргізіп, (фототүсірілім, мемлекеттік акт т.б.) дәлелді құжаттар жинақталды.

Қазіргі таңда төтенше жағдай бойынша орын алған елді мекендерді толықтай қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған