САУРАНДА «ПАРАСАТ» ПІКІРТАЛАС КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Облыс әкімнің тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы Сауран аудандық филиалы жанындағы «Парасат» пікірталас клубының алғашқы жиыны өтті. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Отырысқа аудан әкімі Ғ.Рысбеков, аудандық мәслихат хатшысы М.Күнпейісов, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Асылбеков, әжелер алқасы, ардагерлер кеңесі, жастар, БАҚ өкілдері қатысты.

«Парасат» пікірталас клубының алғашқы отырысында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, кәмелет жасқа толмағандар арасындағы суицид мәселелері қозғалды. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Батырбекова кәмелет жасқа толмағандардың арасындағы суицидтің алдын алуда психологтардың рөлі ерекше екенін атап өтті. Клуб мүшелері мен отырысқа қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған