Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртпен күресуден гөрі оның алдын алғанның әлдеқайда тиімді екенін біледі. Сондықтан да өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуде.
Жетісай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері Жетісай ауданында орналасқан базарларға және сауда дүкендеріне сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында түсіндірмелер жасалып, 100 дана жадынама парақшалары таратылды. Базар басшыларына Сауда
объектілерін ұстау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ал Арыс ауданында жергілікті Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Орталық», «Қызмет», «Жк Арыспай», «Жк Келдібаев» базарларына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізді.
Базар сатушыларымен әңгімелесу жұмыстары жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі бұзушылықтарының зардаптары туралы айтылды. Адамдар көп орналасатын орындардағы өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт пайда болған жағдайда қайда хабарласу керек екендігі, өрттегі алғашқы әрекеттер туралы ескертіліп, өрттің алдын алу бойынша жадынама және брошюра қағаздары таратылды.
Шараның басты мақсаты – жұртшылық көп орналасатын орындардағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын өткізу болып табылады.
Өрт қауіпсіздігі аясындағы үгіт-насихат жұмыстары алдын алу шараларында маңызды рөл атқарады. Өйткені базар, сауда үйлерінде және тағы басқа орындарда өрт жағдайлары әлі де орын алуда.
Сондай-ақ Сайрам ауданында базарлар мен сауда орындарындағы өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша ауқымды рейдтік іс-шара өткізілді.
Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасы, Прокуратура, Полиция басқармасы, Атамекен кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерімен әкімшілік қызметкерлері және Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» еріктілерін тарта отырып Ақсу ауылында орналасқан базарлар мен сауда орталықтарында, адамдар көп шоғырланатын орындарда «Өрт қауіпсіздігі», «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, арнайы дайындалған жадынама парақшалары таратылды.