Қазіргі таңда аудан аумағында жауын-шашын салдарынан су тасқынын болдырмау мақсатында қашыртқылар мен ішкі көшелердегі су басу қаупі бар арық-атыздарды тазалауға қажетті техникалар жұмылдырылып, жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудандағы Дарбаза ауылдық округінде жауын-шашыннан жиналған сулар қырдың сағаларымен және тазаланған қашыртқылармен ағып жатыр.
Сонымен қатар, аудан орталығы Сарыағаш қаласындағы көшелерде жиналған жаңбыр суларын қала әкімдігі тарапынан су сорғылармен арнайы мамандар тазалауда. Қала аумағындағы су басу қаупі бар көшелердегі арық-атыздар тазаланып, жағдай аудан әкімінің тікелей бақылауына алынған.
Бұдан бөлек, нөсер жауынның мол түсуіне байланысты Жылға ауылдық округіне қарасты Қарақалпақ елдімекенінде су тасқынының алдын алу шаралары жүргізілуде.