САРЫАҒАШТА СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР АНЫҚТАЛЫП, ТИІСТІ ШАРАЛАР АТҚАРЫЛУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдыұлының тапсырмасына сәйкес, көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын ұйымдастыру мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев, аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талипов, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Нұрдаулет Бексейтов сел басу қаупі бар Құркелес, Дарбаза, Жылға ауылдық округтеріне арнайы барып, аралады. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аралау барысында бірінші кезекте аудан аумағындағы каналдар мен қашыртқылардың қазіргі жағдайымен танысты.

– Ағымдағы жылы жауған қардың мөлшері көп болуына және аяздың салдарынан жер бедері қатып, қар суының лезде сіңіп кетуіне кедергі келтіруіне байланысты қазіргі таңда аудандағы кейбір елді мекендерде су тасқыны қаупі әлі сейілген жоқ. Соған байланысты сел басу қаупі бар аймақтарда сақтық шараларын ұйымдастыру маңызды. Ол үшін қар толған қашыртқыларды, ауыл арасындағы арық-атыздарды тазалап, қажет болған жағдайда тереңдетіп қазу жұмыстарын жүргізу қажет, – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан басшысы жауапты тұлғаларға су басу қауіпі жоғары ауылдық округке құм қапталған қаптарды жеткізу, су сорғы машиналарын, арнайы техникаларды дайындау жөнінде тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы су басу қаупі бар аймақтар анықталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған