Апта басында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев сел басу қаупі бар ауылдарды аралап, қаңтар – наурыз айларында елді мекендерді топан су басуының, төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берген болатын. Соған сәйкес аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен және демеушілер есебінен экскаватор және тиеуіш (погрузчик) техникаларымен Жылға ауылдық округіне қарасты Қарақалпақ елді мекеніндегі арық-атыздар мен су ағар қашыртқылардың арнасы кеңейтіліп, жалпы 500 метр арық-атыздар тазаланды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдағы уақытта да аудан аумағында төтенше жағдайдың алдын алу бойынша тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізілетін болады.
Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Қазгидрометтің хабарлауынша алдағы күндері күннің жылынуы және жауын шашынды болатынын ескертуде.
Бұл желтоқсан-қаңтар айларында жауған қармен мұздардың бірден еріп ауданымыздағы арық-атыздар мен каналдарда су деңгейінің көтерілу және үй іргелік аулаларда су тасу қаупін тудыруы мүмкін.
Осыған орай, қазіргі таңда аудан әкімі Арман Айдарұлының тапсырмасымен сел басу қаупі бар ауылдарда каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, барша кәсіпкерлік нысан иелері мен аудан тұрғындарын өз аулаларын мұздардан және қардан тазалауға, арық атыздарда судың ағып кетуіне кедергі болатын заттардан тазалауға шақырамыз.