САПАРДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРҒАНЫҢЫЗ ДҰРЫС

Көктайғақ – қыс кезіндегі құбылыс, әдетте температураның күрт жоғарылап кері төмендеуінен немесе жауынның соңы қарға ұласудың нәтижесінде туындайды. Көктайғақ барлық жолаушылар үшін, яғни жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазіргі уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

9 қаңтарда күндіз Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты қар күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болу ықтималдығы жоғары. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан қаласында кей уақытта көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Сондай-ақ қаңтар айының 9-ы мен 11-і аралығында Түркістан облысында ауа температурасы 5-10 градус, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15 градус аяздан, 15-20, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 23 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтілуде.

Қыс мезгілінде жолға шығар алдында Төтенше жағдайлар қызметі жариялаған ауа райы туралы ақпаратқа құлақ асқан абзал. Ауа райы болжамы көктайғаққа немесе күрт күн суытып кету мүмкіндігі туралы хабарлама берілген уақыт аралықтарында алыс жолдарға сапарды кейінге қалдырғаныңыз дұрыс.

Еске саламыз, қауіп кезінде және құтқару іс-шараларын жүргізу қажеттілігінде 101, 112 телефондарына хабарласыңыз.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған