САЙРАМДА СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

2023 жылдың 20 қаңтарында Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Ш. Убайдуллаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша Төтенше жағдайлар комиссиясының отырысы өткізілді. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
​Күн тәртібінде «Сайрам ауданы аумағында су тасқынының алдын алу» мәселесі қаралды. Комиссия отырысында Сайрам ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі М. Баймбетов баяндама оқып, су басу қауіпті аумақтармен алдын алу шаралары бойынша ұсыныстарын айтып өтті. Жиналыс қорытындысы бойынша хаттама түзіліп, су басу қауіпті Құтарыс, Манкент, Ақсукент, Қарасу ауылдық округ әкімдеріне шұғыл тапсырмалар берілді. Барлық ауылдық округтер әкімдеріне су тасқынының алдын алу бойынша бақылауды күшейтуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысындағы елдімекендерге Шардара мен Көксарай су қоймасынан келер қауіп жоқ екені хабарланған болатын. «Қазсушар» РМК-ның Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев «Бүгінгі таңда елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Су ресурстар комитеті тарапынан осы жағдай бақыланып, реттеліп жатыр» деп мәлімдеген еді.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған