САЙРАМДА СУ БАСУ ҚАУПІ БАР АЙМАҚТАР БАҚЫЛАУДА

Сайрам ауданының аумағында көктемгі су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушысы Мадияр Оразалиев және ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия мүшелерімен бірге Құтарыс ауылдық округінен бастап бірнеше қаупі бар аймақты аралап, бақылау жүргізген болатын. Ондағы өзен-су жағалары, каналдар мен арық-атыздардағы су деңгейі қадағаланды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақарыс елді мекені тұрғындарының қолдауымен және ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен 3 техника жұмылдырылып, ұзындығы 500 метр және ені 1 метр көлемінде қашыртқы қазылды. Жауын-шашынның көп түсуінен, қар еріндісінен аталған елді мекенінің екі жерінде су басу қаупі туындауы мүмкін еді. Қырдан төмен қарай орналасқан арық кеңейтіліп, қар және жауын-шашын сулары елді мекеннен тыс ағып өтуде. Су басу қаупін сейілту үшін 1 сусорғыш құрылғысы, 4 текше метр құм алынған. Осыған орай, 1 экскаватор және 2 жүк тиегіш, инертті және басқа да қажетті құрылыс заттарымен қамтамасыз ету бойынша келісімшарт түзілген.

Осындай жұмыстардың реті бүгін Көлкент ауылдық округінде де жалғасты. Ұзындығы 4,5-4,7 шақырымды құрайтын Ханқорған елді мекеніндегі «Қазақ арық» арығы және Қосбұлақ елді мекеніндегі «Жиде арық» каналы механикалық тазалаудан өтті. 7 техника жұмылдырылып, 14 жұмысшы тартылған. Ш.Уәлиханов және Пахтазарибдар көшелерінің ішкі арықтары қоса тазартылды. Негізінен, ауыл округінде 4 канал, 1 арық орналасқан. Аталған аумақтан Ақсу және Арыс өзендерінің сулары Қарабұлақ және Құтарыс ауылдық округтеріне қарай ағып өтеді.

Қарабұлақ ауылдық округінде 67 көшенің су басуы ықтимал 4 көшесінде орналасқан 50-60 жуық аула назарға алынды. Атап айтқанда, Далабазар, Ахмаров, Махмуд баба және Хамза көшелерінен өтетін су мөлшерінің көбеюіне байланысты ішкі арықтардың 3 шақырым бөлігіне тазалау жұмыстары аяқталды. 40 жұмысшы қажетті құрал-жабдықтарымен қамтылып, 4 техниканың көмегімен тазаланды. Қазіргі таңда көшелерде қауіп жоқ, ауа райына байланысты бақылауда тұр. Ауылдық округінің әкімшілігі жеке тұрғын және Қонаев атындағы кәсіптік колледжімен техникаларын алу бойынша келісімшарт түзілген. Сонымен қатар, 1 мотопомпа және 40 текше метр құм дайын. Қосымша жылжымалы мотопомпа алу мәселесі қарастырылуда. Айта кетелік, ауылдық округінде «Ауыл – Ел тірегі» жобасы аясында өткен онкүндік іс-шарада халықтың асар жолымен 4 канал механикалық тазалаудан өткен. Игі істің арқасында төңірегіндегі елді мекен тұрғындары су тасқынының зардабын тартпаған.

Манкент ауылдық округінде 2 көшенің ұзындығы 1-1,5 шақырым құрайтын ішкі арықтары демеушілердің есебінен тазаланды.

Аталған жұмыстар қалған ауылдық округтерінде де қызу жүргізілуде.

Аудан әкімдігі және аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы тарапынан аудан көлемінде Арыс және Ақсу өзендері зерделенуде.

Ал, су алу қаупі бар «Ақбай-Қарасу», «Аламан» каналы, «Сай» каналдары бақылауға алынды.

Жергілікті жерде болуы мүмкін төтенше жағдайларды жою бағытында 330 жеке құраммен 30 техника, 20 су сорғыш, мотопомпа жұмылдырылатын болады. 10200 қап, 93 текше метр құм секілді инертті заттар дайындалған.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ауылдық округтерінің жағдайы бақылауға алынған.

Аудан аумағындағы каналдарға тәуліктік кезекшіліктер бекітілген.

Қазіргі таңда аудан аумағындағы жағдай бірқалыпты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған