САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНДЕГІ САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛУДА

Түркістан қаласы әкімінің орынбасары төрағалығымен қала аумағындағы сайлау учаскелерінде өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында мәжіліс өткізілді. Мәжілісте келушілерге және сайлау учаскесінің төрағаларымен хатшыларына өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ Төлеби ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылғы 11 қарашада Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Аудандық мәдениет үйінде сайлау учаскелерінің төрағалары мен комиссия мүшелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді.
Жиын барысында бөлімнің аға анықтаушысы азаматтық қорғау майоры А.Қалдықара баяндама жасап, сайлау учаскелерінің төрағаларына сайлау өтетін орындарда сайлау өту кезеңінде, төменде көрсетілген өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды.
– сайлау учаскесіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулықтар және эвакуациялау жоспарларымен қамтамасыз ету;
– өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты лауазымды тұлға бекіту;
– өртке қарсы қызметті шақыру үшін телефон байланысының, сондай-ақ шұғыл әрекет ету қызметтерінің телефондары бар тақтайшалар «101», «102» нөмірлерін ілу;
– эвакуациялық шығу жолдарының қажетті санын белгілеу;
– эвакуациялау жолдарын жиһазбен, жабдықтармен және басқа да заттармен үйіп тастауға жол бермеу;
– эвакуациялық шығу есіктерінде іштен кілтсіз ілмектерді еркін ашу мүмкіндігімен қамтамасыз ету;
– адамдар жаппай болатын үй-жайларда кілемдерді, кілем жолдарын және еденнің басқа да жабындарын еденге сенімді етіп бекіту;
– сайлау учаскелерін алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету және автоматты өрт сигнализациясының жұмыс қабілеттілігін тексеруден өткізу;
– сайлау өткізу кезеңінде бөгде адамдарды үй-жайларға, оның ішінде шатырларға, кіруіне шектеу қою.

MIXNEWS.KZ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған