САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Бұл туралы Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды. 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық және өткізу барысына қатысатын сайлау комиссияларының мүшелері мен сайлау процесінің басқа да қатысушыларын оқытуды ұйымдастыруға байланысты бекітілген жоспарға сай оқыту семинары өткізілді.

САЙЛАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ ӨТТІ

Аталған семинар облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалымен бірлесе отырып, осы филиалдың базасында, 2023 жылдың 17 ақпаны күні сот прокуратура және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің қатысуымен, алдағы сайлауға дайындық және өткізу барысында туындайтын барлық ситуациялық мәселелерді көтере отырып ұйымдастырылды. Семинарда облыстық соттың судьялары, қалалар мен аудандар прокурорлары, облыс бойынша барлық деңгейдегі полиция қызметкерлері, жалпы барлығы 38 адам қатысты.

Оқыту семинары барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Ә. М. Әлішев: – Заманауи сайлау құқығының негізгі қағидаттары;- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу ерекшеліктері туралы;- Сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу және сайлау алдындағы үгіт жүргізу туралы;- 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған сайлауға саяси партиялар мен кандидаттардың қатысуын қаржылық қамтамассыз ету мәселелерін көтерді.Ал, аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі Д.Ш.Оразымбетов сайлауға дайындық және өткізуге байланысты туындайтын жауапкершіліктер туралы кең көлемде түсіндірмелер берді. Оқыту семинары барысында сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бойынша атқарылудағы жұмыстар жөнінде де тыңдаушылардың назарларына жеткізілді. Семинар барысында қатысушылар тараптарынан көптеген сұрақтар қойылып, барлықтарына толыққанды жауаптар берілді. Семинардың қорытындысында алдағы уақытта сайлауға дайындық және өткізу барысында туындайтын сұрақтар заң талаптарына сай шұғыл түрде қаралып, жауаптар берілуі келісілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған