САЙЛАУДА ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ҮШІН ДАУЫС БЕРДІМ – МАҚТААРАЛДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ АНА

22 наурыз – Наурыз мейрамы қарсаңында өтіп жатқан кезектен тыс ҚР Парламенті мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы Мақтаарал ауданында үлкен мерекелік көңіл күймен басталды.

Аудандағы тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында сайлау учаскелеріндегі сайлаушыларға наурыз көже ұсынылып, қазақтың ұлттық шапаны мен камзолын кидіріп, түрлі сыйлықтар үлестірілуде.

«Күн жылынып, табиғат тәтті ұйқысынан оянған сәтте, аспан әлемінде құстардың сайраған әсем әуені сыңғырлап шыққанда халқымыз Наурыз мерекесін ұлан асыр етіп тойлайды. Міне, биылғы Наурыз мерекесі қарсаңында елімізде дүбірлі той, ұлы саяси науқан өтіп жатыр. Отандастарымыз ҚР Парламенті мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлап, болашаққа деген нық қадамдарын жасауда” – деді көп балалы ана, сайлаушы Сабира Серікбаева.

Айта кетсек, сайлау науқанына байланысты Мақтаарал ауданының барлық учаскелерінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылып жатыр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған