САЙЛАУ – БАРЛЫҒЫМЫЗ ҮШІН ЖАУАПТЫ НАУҚАН

Биыл қазақстандықтар 20 қарашада өз Президентін сайламақ. Ел тұрғындарын маңызы жоғары саяси науқан күтіп тұр. Бұл тек Президентті ғана тандау емес, ел болашағы үшін жасалатын маңызды қадам. Сол себепті сайлауға қатысып, жауапкершілік таныту – әр азаматтың құқығы мен парызы.

Бұл сайлаудың басқа сайлаудан бір өзгешелігі – мұнда Президент бір рет қана, жеті жылға сайланады. Сонымен қатар, екінші қайтара сайлауға түсу мүмкіндігінің жоқтығында. Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенті болудан үміткерлер арасынан осы сайлауға кандидат етіп 6 үміткерді мақұлдады.

Алдағы сайлау – «Жаңа әрі әділетті Қазақстанның» дамуына, экономикалық жағынан қарқынды өсуіне, сондай-ақ халықтың әлеуметтік экономикалық жағдайын көтеруге нақты іске асатын бастамалар екенін атап айтуға болады. Сондықтан жерлестерімді үлкен жауапкершілік жүгін бірге көтеріп Тәуелсіздігіміздің тұғырын одан әрі нығайта түсуге шақырамын. Кемел келешек үшін өз дауысымызды беруден қалыс қалмайық.

Нұралы ӘБІШ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған