САЙЛАУ АРҚЫЛЫ САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРГЕ КӨЗҚАРАСЫМЫЗДЫ БІЛДІРУІМІЗ КЕРЕК

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлер арасынан 6 үміткерді тіркеді. Үміткерлер елімізді аралап, өздерінің бағдарламаларын таныстыруда. Алдағы Президент сайлауында саурандықтар жоғары белсенділік танытады деп сенемін.

Жалпы бұл сайлауда біз тек Президентті сайламаймыз, елдің болашағын таңдаймыз. Сондықтанда елдің жарқын болашағы үшін дұрыс таңдау жасайық! Бұл – біздің болашақ. Ал, болашақты Сіз бен бірге құрамыз. Әрбір іс еліміздің болашағы үшін маңызды.

Болашақ еліміздің тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат сайлауға белсенді қатысып, өз дауысын беруі керек деп есептеймін. Бұл – әр азаматтың өзінің тағдырына ғана емес, ел тағдырына да әсер етпек.

Сондықтан әрбір азаматтың дауысы өте маңызды! Сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайық!

Гүлнара ӨСТЕМІРҚЫЗЫ,
Сауран аудандық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған