РЕФЕРЕНДУМҒА БІР КІСІДЕЙ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРДЫ

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі, Республикалық референдум өткізу жөніндегі Түркістан облыстың қоғамдық штабының мүшесі, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Хамид Исақов пен Түркістан облысының «Дін істері басқармасы және дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теологы Жалғас Мұхтарұлы Сауран ауданы Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

5 маусымында өтетін Республикалық референдумда қаралатын мәселе – Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар. Атап айтқанда, конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктері және аталған реформалардың негізгі бағыттары. Осы жөнінде жиынға қатысушыларға егжей-тегжейлі түсіндіре келіп, конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып республикалық референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Ескі Иқан ауыл округінің тұрғындары өз тараптарынан еліміздің Ата Заңына енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды қолдайтындықтарын білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған