ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТЫ ҚОЛДАУ ҮШІН ҚОЛ ЖИНАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Президенттікке кандидатты қолдау сайлаушылардың қолдарын жинаумен куәландырылады.Президенттікке кандидатты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының кемінде үштен екісін тең дәрежеде білдіретін сайлаушылардың жалпы санының кемінде бір пайызы қолдауға тиіс

ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТЫ ҚОЛДАУ ҮШІН ҚОЛ ЖИНАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ
ПРЕЗИДЕНТТІККЕ КАНДИДАТТЫ ҚОЛДАУ ҮШІН ҚОЛ ЖИНАУ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және қол қою парақтарымен ресімдейді.Қол қою парағының үлгісін Орталық сайлау комиссиясы бекітеді және кандидаттың талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін екі күн мерзімнен кешіктірілмей қажетті мөлшерде береді.Әрбір қол қою парағында кандидаттың реттік нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты, оның сенім білдірілген адамының жеке қолы, қол жинайтын адамның тегі, аты және әкесінің аты, қол жиналатын елді мекеннің атауы болуы тиіс. Сондай-ақ қол қоятын сайлаушылар туралы деректері бар бағандар.Қол жинау кезінде оларды жинайтын адам кандидаттың сенім білдірілген тұлғасын тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетуі тиіс. Толтырылған қол қою парақтары аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады. Қолдардың дұрыстығы 5 күн ішінде тексеріледі, тиісті хаттама ресімделеді және ОСК-ға жіберіледі

Қолдың дұрыстығын тексеру Президенттікке кандидат үшін олардың қажетті саны анықталғанға дейін жүргізіледі

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған